Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Меню сайта

Жаңалықтар

35 мектеп-лицейдің Share тобы "Action research" халықаралық семинарына қатысты

35 мектеп-лицейдің Share тобы "Share — Association of Schools for Research in Education" жобасы аясында 2022 жылғы 3-10 сәуір аралығында өткізілген "Action research" халықаралық семинарына қатысты. Жобаның басты мақсаттарын атап өтсек: білім беру практикасын жақсарту мақсатында іс-әрекетте зерттеуді қолдану, білім беру мен оқуға деген көзқарасты қалыптастыру, зерттеу этикасы мен құндылықтар маңыздылығы.

Оқудың алғашқы күні семинар қатысушылары үшін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында біз Bottisham Village College мектебінің ерекшеліктерін, мектеп құндылықтары мен көзқарасын, оқушылар мен мұғалім арасындағы бір-біріне деген сенімге негізделген қарым-қатынасты көре алдық.

Оқудың екінші күні біз сабақтардың өту барысын бақылай алдық және фокус-топпен жұмыс жасадық. Бақылаулар мен қабылданған ақпараттан соң біз тобымызбен тиімді білім беру мен оқу туралы не түсінгенімізді және осы алған білімді өз мектебімізде қалай қолдана алатынымыз туралы талқыладық.

Оқудың үшінші күні біз түрлі топтарда сабақтарға қатыстық және Боттишам мектебінің іс-әрекетте зерттеуді практикада қалай қолданатынын бақыладық. Семинардың қорытындысы ретінде біздің топ сабақты тиімді бақылау қалай жүзеге асырылатынын және біз оны қалай өз мектебімізде қолдана алатынымыз туралы пікір алыстық.

Оқудың төртінші күні семинар оқушылармен консультация өткізу тақырыбында болды. Бұл семинар барысында біз оқушылармен консультация өткіздік, фокус-топ жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болатынын, қалай дұрыс сұрақтар қою керектігін және оқушылармен консультацияны қалай дұрыс жоспарлау керектігін білдік. Семинарды қорытындылай келе, біздің топ өз проблемамызға қатысты қажетті деректерді қалай жинайтынымызды және қандай деректерді жинайтынымызды талқыладық.

Оқудың бесінші күні біз осы күндері не үйренгенімізді және осы білімді мектебімізде қалай қолданымызды қорытындыладық. Әр мектеп өз жұмысымен таныстырды және басқа мектеп мүшелері кері байланыс берді.

Қорытындылай келе, атап өткіміз келетіні, біз семинар барысында өте көп пайдалы ақпарат пен терең білім алдық және қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – осы барлық алынған ақпаратты талдап, қорытынды жасау және алынған білімді тиімді пайдалану бойынша жоспар құру және білім беру мен оқу сапасын жақсарту бойынша стратегия енгізу. 

Сонымен қатар, әлемнің үздік білім ордаларының бірінде білім алу мүмкіндігін берген Білім беру басқармасына, осы іссапарды ұйымдастырған Аюбаева Назипа Алтынбековнаға және Шаяханова Роза Акпановнаға және білім беру мен оқу сапасын арттыруға қосқан зор үлесі үшін Bottisham Village College мектебінің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.



Просмотров: 302

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​