Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті.
Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арайлым Қыстаубайқызы. Кездесуге Желтоқсан оқиғасына қатысып, көзімен көрген куәгерлер Сания Асанқызы, журналист Тойбек Жұлдыз және Алпысбаев Байсағат сынды адамдар келді. Кездесу 9-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Оқушылар сахналық қойылым әзірлеп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Келген адамдар өздері басынан кешірген Желтоқсан оқиғасынан ой өрбітіп, әсерлі әңгіме, салихалы сұхбат жүргізді.
Просмотров: 365
Комментарии