Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектептің 5-сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жастар” театрының ұйымдастыруымен өткізілген қойылымды тамашалады.
04.11.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектептің 5-сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жастар” театрының ұйымдастыруымен өткізілген қойылымды тамашалады. Оқушылардың назарына мейірімділік пен татулықты ту еткен В. Орловтың “Алтын балапан” балалар шығармасының желісі бойынша сахналанған "Мейірімді жүрек" ертегісі көрсетілді. Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында театрға жасалған саяхат балаларға тамаша тарту болды.
5 сынып оқушыларына ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажырата білуге ықпалын тигізді. Қойылымның балаларды батырлыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеуде берер тағылымы мол.
Жас көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл-күймен шығып, өздерінің эмоцияларымен, алған әсерлерімен бөлісті.
Оқушыларды театрға мектеп психологы, 5 “А” сынып жетекшісі Надира Сунақбайқызы алып барды.
Просмотров: 419
Комментарии