11 "А" сынып оқушысы Тультаева Томирис пен 11 "Ә" сынып оқушысы Қалиолла Алтын бүгін "Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола жүлдегерлерінің бірі атанды.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Елбасы Медалі» жобасының мақсаты: әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Бағдарламада әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай алатындай, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйрету мүмкіндігі болатындай әзірленген. №35 мектеп-лицейдің оқушылары да осы жобаға қатысып, мектеп бітіргелі отырған түлектеріміз - 11 "А" сынып оқушысы Тультаева Томирис пен 11 "Ә" сынып оқушысы Қалиолла Алтын бүгін "Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола жүлдегерлерінің бірі атанды. Шәкірттерімізге бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жоба өте ауқымды, жеті бағыт бойынша ұйымдастырушылар үздіксіз тапсырмалар беріп отырды.Сол тапсырмаларды ыждаһаттылықпен уақытында мұқият орындап отырудың арқасында осы жетістікке жетті.
Шәкірттерімізге толағай табыс тілейміз. Тек биіктерден көріне беріңдер!
Просмотров: 448
Комментарии