Мектепішілік «Жыл мұғалімі-2021» сайысы өткізілді.
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында мектепішілік «Жыл мұғалімі-2021» сайысы өткізілді.
Сайыс екі кезеңнен тұрды.
Бірінші іріктеу кезеңінде сайысқа қатысушылар өзінің үздік тәжірибесін таныстыру бейнепрезентациясын және педагогтің үздіксіз жұмысының нәтижесі -өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін көрсететін портфолиясын онлайн форматта әзірлеп тапсырды.
Ал екінші кезең – «Ұстаз шеберлігі» деп аталды. Осы кезең
«Визит карточкасы»,
Педагогикалық рингі «Ал,егер мен...», «Бір сәттік Даңқ» деген сайыс тапсырмаларынан құралды.
Екі сайыстың қорытындысынан үздік шыққан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікбаева Арайлым Қыстаубайқызы бас жүлдені (Гран-при) жеңіп алды. Ал І орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Нуркенова Нургуль Сабыржановна, ІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі Мищенко Кристина Викторовна, ІІІ орынды физика пәні мұғалімі Мухтарова Даркул Орынбаевна бөлісті.
Маутова Гульнар Губадовна-зерттеуші мұғалім, Шанкибаева Мухаббат Хасановна-эрудит және Кусаинова Айтолкын Козыбаевна-жаңашыл мұғалім номинацияларымен марапатталды. Сонымен қоса, байқауға қатысушыларға қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасында-қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері және педагогикалық шеберлік орталығынан тренер болды. Келесі жылғы сайысқа қамқоршылық кеңесі өз тараптарынан сыйлықтар дайындайтынын атап өтті. Барлық қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Просмотров: 481
Комментарии