Бүгін ,яғни 23.11.2020 жылы №35 мектеп-лицейінің 10 «Г» сыныбында «Жалпы адамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында онлайн сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарымен танысуын жалғастыру,адамгершілік қасиеттерді дамыту,бір біріне деген сыйластық қатынасты тәрбиелеу,өзіне және өзгеерге деген шыдамдылығын қалыптастыру.
Атақты психолог Д.Лихачей былай деген: «Егер адам өзге адамға мейірімділік әкелу үшін өмір сүрсе ,азап шегуін жеңілдетсе,адамдарға қуаныш әкелсе,онда ол өзін адамгершілік деңгейінде бағалайды. Тек қана өмірлік қажет мақсат адамға өз өмірін лайықты өткізуге және нағыз қуаныш алуға мүмкіндік береді.»
Қайырымды болу үлкен іс,
Біреуге қиын болғанда.
Сіз көмекке асығыңыз
Кез келген уақытта, әрқашан.
Мүмкін болса, біреуге келу көмекке
Мейірімділік пен күлімсіреу,
Бұл күннің және жылдардың,
Өтпеуі текке жайдан- жай
Сізді де бөлейді бақытқа!
Сынып сағатында оқушылар белсенділік танытты. Редикарцева Вераника,Максут Анара және тағы да басқа оқушылар өз ой -пікірлерімен бөлісті.Олар мейірімділік, жақсылық,адамгершілік туралы әңгімеледі.Күнделікті өмірден мысал келтірді.
Барлықтарыңызға сәттілік,түсіністік,бір- біріңізге деген құрмет!