Кезекті жеңіс. Абай Құнанбаевтың 175 мерей тойына арналған қолөнер бұйымдарының көрмесі болып өтті
№49 мектеп базасында орналасқан «Техникалық шығармашылық» орталығында қала мектептерінің 4-11 сыныптар арасында ақын Абай Құнанбаевтың 175 мерей тойына арналған қолөнер бұйымдарының көрмесі болып өтті. Оған 40 мектептен 80-нен аса жұмыс қойылды.
Осы аталмыш көрмеге мектебіміздің 10 сыныбынан өнерлі қыздарымыз Тультаева Томирис, Есенгалиева, Шантаева Лунара 5 – бағытты көрменің 2 – бағыты бойынша қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
Томирис пен Нұрай қыздарымыз Абай Құнанбаев ақынымыздың «Стринг-Арт» стильінде жасаған жұмысын 3 минут ішінде комиссия алдында сәтті қорғады. Лунара өзінің Абай атамыздың «Мозайка» техникасында дәнді-дақылдар арқылы жасалған жұмысын комиссия алдында өте сәтті қорғап шықты. Оқушыларымызға және жетекшілері Абай Қуанышбайұлына алдағы уақытта шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілейміз.
Жаңалық жаршысы: №35 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұратбекова Альмира Кеңесқызы
Просмотров: 471
Комментарии