Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Меню сайта

Жаңалықтар

28 ақпан күні «Абай лебі, үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні» атты қалалық іс-шара өтті.

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған мектеп-лицейімізде 28 ақпан күні «Абай лебі, үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні» атты қалалық іс-шара өтілді. Осы іс-шараның мақсаты: жастарды, жас өспірім балғындарды дана Абайдың шығармашылығына тарту, ұлы адамның идеясын насихаттау болды.Іс-шара барысында дара ақын Абайдың дүниеге келуі, он үш жастағы Абай, жас Абай жолынан мектеп оқушылары көріністер арқылы Абай әлеміне саяхат жасады. Қандай ұлы құбылыс болса да, дана Абай аударма саласында да өзінің ерекше дарындылығын көрсетті. Бұны мектеп оқушылары А.С.Пушкиннің Татьяна мен Онегиннің хаттары арқылы жеткізді. Осы кеште Абай әні қалықтап, өлеңдері оқылып, оның «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе; жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімзді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсысын, байлаусысын көрдік, бәрі құршылық екенін білдік» дегендей ойшыл Абайдың қара сөздерінен хибрат алды. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс деп, іс-шараны аяқтадық.


Просмотров: 550

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​