№ 35 мектеп-лицейінде 28 ақпан күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «2020 жылғы мемлекеттік қорытындылау аттестациясы» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласы № 35 мектеп-лицейінде 28 ақпан күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «2020 жылғы мемлекеттік қорытындылау аттестациясы» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Адильбекова Зәуреш Ишанкуловна ата-аналарын 9-сынып оқушыларының бітіру емтиханын ұйымдастыру және өткізу үдерісімен таныстырды.
Қазақ және орыс сыныптарындағы оқу үдерісін басқаруға жетекшілік ететін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
«9-сыныпты бітірушілердің қорытындылау аттесстациясын өткізу туралы» видео-слайдтарын әзірлеп, емтиханға дайындық кестесімен таныстырды. Жиналыс барысында ата-аналар өздері түсінбеген жайттарға байланысты сұрақтарын қойып отырды.
Сондай-ақ, 9-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері де өз кезегінде сөз алды. Оқушылардың емтихан тапсыруға міндетті пәндері мен таңдау пәндері бойынша емтиханның жаңа форматта өтетіндігі, берілетін тапсырмалардың қалай құралатындығы, қанша ұпай алу қажеттілігі және ұпайдың қалай бағаға айналатындығы туралы жан-жақты ұғынықты түрде түсіндірді. Мектептің психологиялық көмек қызметі балалармен емтиханға дейін және емтихан тапсырған соң жүргізетін жұмыстарының жоспарын таныстырды.
Жиналыс соңында мектеп директоры Зәуреш Ишанкуловна емтихан алынатын пәннің мұғалімдері емтихан өтетін орынға кіруіне болмайтындығын қадап айтты. Сонымен бірге, биылғы жылы аппелляциялық комиссия құрылатыны туралы түсіндіріп, егер өз бағасына қанағаттанбаған жағдайда аппеллияциялық комиссияға өтініш беруге құқығы бар екендігін атап өтті. Сондай-ақ, оқушылардың емтихан тапсыратын пәндерден дайынығына қатысуын ата-аналардың қадағалап, қамтамасыз еттіп отыруы қажеттігін де айтты. Соңында 10-сыныпқа қабылдау мен құжаттарын алу туралы да айтылды.
Жалпы жиналыста ата-аналар белсене қатысып, өздеррін толғандырған мәселелердің түйінін шешіп, ризашылықпен тарқасты.
Просмотров: 542
Комментарии