«Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сәулет өнері болашақта!» атты байқауында Гран-при иелендік!
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының қолдауымен «Техникалық шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Сәулет өнері болашақта!» атты байқауы ұйымдастырылды. Қаланың 35 мекемесінен 108 оқушы қатысып, 47 жұмыс қабылданған, соның ішінде мектебіміздің атынан қатысқан 10 «К» сынып оқушысы Бадилов Ерланның жұмысы үздік деп танылып, Гран-при жүлдесін иеленді. Оқушымыз бен оның жетекшісі Абай Қуанышбайұлына кубок пен диплом табысталды және байқауға белсене қатысқаны үшін Абильдин Мадияр сертификат берілді. Алдағы уақытта Ерланға, Мадиярға және жетекшісі Абай Қуанышбайұлына шығармашылық табыс пен биік белестерден көрінуін тілейміз!
Просмотров: 575
Комментарии