«Атамекен»Қазақстан картасы» этно- мемориалдық кешені 2019 жылдың 21 қазан мен 06 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының арасында Тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Туған жер»жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ» атты байқауына №35 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдина Алма Серікқызы қатысып, 7 «б» сыныбында «Тәуелсіздік тұғыры-тіл» деген тақырыпта сабақ өткізді. Сабаққа қатысып отырған қазылар алқасының құрамы сабақтың жоғары деңгейде өткенін бағалады. Оқушылардың терең білімдері топта, жұпта жасаған жұмыстары ерекше аталып, бағаланды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметін байқаған қазылар алқасы Накоскина Лена,Синюткина Дарья сияқты оқушыларға тән риза болды.