29.02.2020
Просмотров: 550
Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған мектеп-лицейімізде 28 ақпан күні «Абай лебі, үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні» атты қалалық іс-шара өтті. Осы іс-шараның мақсаты: жастарды, жас өспірім балғындарды дана Абайдың шығармашылығына тарту, ұлы адамның идеясын насихаттау болды.Іс-шара барысында дара ақын Абайдың дүниеге келуі, он үш жастағы Абай, жас Абай жолынан мектеп оқушылары көріністер арқылы Абай әлеміне саяхат жасады. Қандай ұлы құбылыс болса да, дана Абай аударма саласында да өзінің ерекше дарындылығын көрсетті.