Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен мектептің 8, 9, 10 сынып оқушылары Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық-драма театрына барды.

14.10.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен мектептің 8, 9, 10 сынып оқушылары Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық-драма театрына барды. Бұл күні мектеп оқушылары үшін С.Тұрғынбекұлының “Шәмші” элегиясы сахналанды.
⠀⠀ «Вальс королі» атанған ұлы композитордың ішкі жан дүниесін элегия авторлары ән арқылы жеткізуді мақсат еткен. Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан», А.Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалды. Сахна, хореография, бәрі үй­лесімді қосылған біртұтас ұжым­дық қойылым болды.
⠀⠀ Қойылымнан кейін оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.



Просмотров: 293

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​