Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

1-сынып оқушылары І орын иегерлері

Мектебіміздің 1 А сынып оқушылары Дюсенхан Алихан, Жақсылық Мейіржан, Жақыпбек Зере, Маратқызы Райяна, Мылтыкбай Жанерке, Темір Айтмаганбет «ККО.KZ» веб-сайты ұйымдастырған математика пәнінен Республикалық онлайн олимпиадаға қатысып, аталған пәннен үздік білім көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Осындай озат оқушыларға білім беріп, математика пәніне сүйіспеншіліктерін тәрбиелей алған ұстаз Төлебай Көгершін Балтабайқызы орталықтың алғыс хатымен марапатталды.

Биылғы оқу жылының 4-тоқсанында еліміз бойынша қашықтықтан білім беріліп, оқушылардың үйде жұмыс жасап жатқандары белгілі. Кішкентай бүлдіршіндердің қашықтықтан оқыту барысында құр отырмай, уақыттарын дұрыс пайдаланып, мұғалімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, білімдерін жетілдірумен қатар, арнайы сайыстарға қатысып, бәсекеге лайықты екендерін дәлелдеуі қуантады.





Просмотров: 425

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​