Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

Ата-аналар тәрбие сағатын өткізді

Ата-аналар тәрбие сағатын өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздіктің ұраны – ел мен халық. Өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы - дені сау ұрпақтың қолында, екендігін де естен шығармаған жөн. Әрине болашақ ұрпақтың, яғни балалардың денсаулығы біз үшін бірінші орында тұрады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған. Адам – өз өмірінің суретшісі, денсаулығының сақшысы. Денсаулық – теңдесіз байлық. Оны ешқандай дүниемен алмастыруға болмайды. Сондықтан денсаулығымызды күту – біздің ең бірінші міндетіміз.

Осыны негізге ала отырып, бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсан күні «Денсаулық» тақырыбында 8Е сыныбының аналары мектепте тәрбие сағатын өткізді. Мақсат: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру; балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Тәрбие сағатының екінші қыры да бар. Бұл «Ата - ана, оқушы, мұғалім» үштік одағының ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты нығайту, бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Тәуелсіздігіміздің жалғасы - бүгінгі балаларымыздың дені сау болсын, жұртымыз аман болсын! Тәуелсіздігіміз - баянды болсын! Мерекеден, мерекеге аман-есен жете берейік!

8Е - сыныбының жетекшісі: Алдажар Гүлжан Жиениқызы.






Просмотров: 433

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​