Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

Тәуелсіздік күніне сынып сағаты

Тәуелсіздік күніне сынып сағаты
Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғым.
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
Ел болып шырқар – басты әнім,
Ел болып жырлар – дастаным.
Бір өзің десем, артық па?
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
Міне, осындай ұранмен 5 «Ә»сыныбында Дариға Оспанқызы Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Тәуелсіздіктің қадірін білуге және құрметтеуге үйрету, Ұлт патриоты болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар өздерінің елге деген сүйіспеншіліктерін, еліміздің дамуына қандай үлес қосып жатқандарын
айтты.
Сабақтың соңында «Атамекен» әнін зор құрметпен орындалды.



Просмотров: 451

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​