Меню KDT


Астана қаласы әкімдігінің
«Нәзір Төреқұлов атындағы
№ 35 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ «Школа-лицей №35
имени Назира Торекулова»
акимата города Астаны


Жаңалықтар

«Интеллектум» сайыс сабағы

«Интеллектум» сайыс сабағы
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбие мен білімді қатар алуы керек. Баланың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулитын сабақтар ойындар көмегімен жүргізіледі. Бүгінде әлемнің 17 елінен 32 ойын түрі таңдалған. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың интеллектісі осылай тез дамиды. "Интеллектум" ойындардың ерекшелігі қазіргі заман талабына сай балаларды жаңаша ойлауға бейімдейді. Ойындар көрнекі ойлауға, жаңаша ойлауға, ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. "Интеллектум" ойыны арқылы оқушы өзіне деген сенімін арттырып, ашық та зерек болып өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, баланың зейінін, ойлауын әрекетін дамытады; тапқырлыққа жетелейді; білім және білік дағдыларын қалыптастырады. Міне осыларды ескере отырып, ұстаздар қауымы баланың үнемі жан-жақты дамуына ықпал жасап отырады. 8Е сынып оқушылары арасында мұндай логикалық ойлауға, дағдыларын дамытуға, тәрбиеге байланысты сабақтар үнемі жүргізіліп отырады. Сондай кезекті «Интеллектум» сайысы сынып жетекшісі Алдажар Гүлжан Жиениқызының ұйымдастыруымен өтті. Оқушылар үнемі қызығушылық, белсенділік танытады. Бұл жолы да әдеттегідей оқушылар қызығып, белсенді болды. «Болашақ бүгінгі ұрпақтың қолында», - дегендей болашағынан үміт күттіретін мықты азаматтар мен азаматшалар осы білім ордасынан ұшып шығады деген сенімдеміз.

 
 
 



Просмотров: 604

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Пайдалы сілтемелер

Copyright © 2020 №35 мектеп-лицейі. Құрастырушы ЖШС "BenchMark Consulting"
© Барлық құқық қорғалған.

Присоединяйтесь к нам

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Абай 9/1 ​
тел/факс: +7 (7172) 50-17-36
эл.пошта: mail@35.edu.kz​